Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

С-1 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-3, C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-3, C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-2, В-3, С-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының аға басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында аға офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейдегі немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-3, C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

8) ғылым кандидаты немесе ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша докторы ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.*

С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, В-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейдегі немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;*

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылым кандидаты немесе ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша докторы ғылыми дәрежесінің болуы.*

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейдегі немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;*

7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылым кандидаты немесе ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша докторы ғылыми дәрежесінің болуы.*

 

* Ескертуге: осы талап "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады.

** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.

 

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-1*

383 098

518 015

С-3

154 071

208 205

С-4

138 248

186 551

 

 

I. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі 8, Министрліктер үйі, 2 кіреберіс, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-99-21, 74-99-20, электрондық адрес konkurs.moap@mdai.gov.kz, сайт www.mdai.gov.kz Министрліктің мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

1. Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, санаты С-1*, 1 бірлік, № 17-02.

Функционалды міндеттері: Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру, сақтау және пайдалануын қамтамасыз ету бойынша Комитет жұмысын ұйымдастыру; мемлекеттік резерв саласында нормативтік құқықтық актілерді дайындау; мемлекеттік резервтің қарызға берілген материалдық құндылықтарын сандық және сапалық сақталуын, сондай-ақ уақтылы қайтарылуын бақылауды ұйымдастыру; мемлекеттік резерв жүйесі саласында жұмыс құпиялылығы режимін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ құжаттарды уақтылы және сапалы орындалуына бақылау, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібін бұзған кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына тексеру (тексеріс) материалдарын жолдау. Комитеттің қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру. Комитетте құжаттамалық қамтамасыз етудің жүргізілуін бақылау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: гуманитарлық ғылымдар және (немесе) құқық және (немесе) әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес және (немесе) жаратылыстану ғылымдары және (немесе) техникалық ғылымдар және технологиялар және (немесе) әскери іс және қауіпсіздік.

 

2. Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төраға орынбасары С-1* санаты, 1 бірлік, № 18-03.

Функционалды міндеттері: Комитет Төрағасы актілері мен тапсырмаларының орындалуын және қамтамасыз етуді үйлестіреді. Мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен жетекшілік жасайтын мәселелер бойынша өзара әрекеттестік мәселелерін ұйымдастыруды үйлестіреді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді  іске асыруды үйлестіреді. Комитеттің әкімшілік, қаржылық, құқықтық мәселелері бойынша жұмыстардың жалпы бақылауын және үйлестіруін іске асыруды үйлестіреді. Заңнамалық реттеу, ғылыми зерттеу, дайындау, енгізу, кадрлық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың қажеттілігі, ақпаратты қорғау құралын және бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау кезінде біртіндеп импорттың орнын басу кезеңінің бейнелеуімен өндірістің қуаттылығын және қарқынын анықтау саласында талдау жүргізуді үйлестіреді; Технологияның трансфертін қоса отырып, шетелдік өндірушілермен құралдардың және бағдарламалық қамтамасыз етудің өндірістік кооперациясын ұйымдастыруды үйлестіреді; Отандық кәсіпорындар және ұйымдар арасында өндірістік байланыстарды қатарластыруды үйлестіреді; Ақпаратты техникалық қорғау бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу; ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стандарттау және сәйкестігін растау бойынша жұмыстарға қатысу; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыруды үйлестіру. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: гуманитарлық ғылымдар және (немесе) құқық және (немесе) әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес және (немесе) жаратылыстану ғылымдары және (немесе) техникалық ғылымдар және технологиялар және (немесе) әскери іс және қауіпсіздік.

 

3. Жұмылдыру дайындығы департаменті Мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығын үйлестіру басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік, № 13-4-1.

Функционалды міндеттері: Басқарма жұмысын жоспарлау. Әскери міндеттілерді есепке алу жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз ету. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру іс-шараларын жүзеге асыру бойынша бюджеттік бағдарламаның бағдарламашасын үйлестіру. Жұмыслдыру дайныдығы саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру. Әскери міндеттілерді есепке алу жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмыстарын үйлестіру. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы зерттеулерді ұйымдастыру. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Жұмылдыру органдары мамандарының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін дайындау. Кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен тұжырымдарды уақытылы дайындауды қамтамасыз етуді бақылау. Еңбек және атқару тәртібін қамтамасыз ету. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: гуманитарлық ғылымдар және (немесе) құқық және (немесе) әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес және (немесе) жаратылыстану ғылымдары және (немесе) техникалық ғылымдар және технологиялар және (немесе) әскери іс және қауіпсіздік.

 

4. Әкімшілік жұмысы департаменті Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 10-3-3.

Функционалды міндеттері: Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды дайындайды және өткізеді. Бағалық ұсыныстарды сұратумен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. Бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша шарттар жасасу. Ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу және сүйемелдеу. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңында белгілген тәсілдер арқылы Министрлікпен жүзеге асырылатын сатып алуда конкурстық комиссияның мүшесі ретінде қатысу. Министрліктің мемлекеттiк сатып алу бойынша жоспарын құрастырады және бекітеді. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: гуманитарлық ғылымдар және (немесе) құқық және (немесе) әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес және (немесе) техникалық ғылымдар және технологиялар және (немесе) әскери іс және қауіпсіздік.

 

5. Қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін дамыту департаменті Қорғаныс өнеркәсбі кешенін жоспарлау және дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 11-3-2.

Функционалды міндеттері: Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірге Министрліктің Алқа мәжілісіне, Министрдің Қазақстан Республикасы Президентіне, Қазақстан Республикасы Үкіметіндегі, Қазақстан Республикасы Үкіметіндегі Үкіметтік сағаттағы, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы және Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріндегі және жетекшіліктің өңірлерге жұмыс сапарындағы өзге ұйымдарға қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін жоспарлау және дамыту мәселелері бойынша есебіне ақпараттық, талдау, презентациялық және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асырады. Министрлік басшылығының халықаралық сапарларын дайындауға және әскери мақсаттағы өнімдердің көрмесін дайындау бойынша үйлестіруді жүзеге асырады. Шетелдік серіктестермен әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері жөнінде келіссөздер ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін дамыту жоспарын, және оларды қолдау бойынша шараларды дайындайды. Тәжірибелік зерделеу, ҚӨК кәсіпорынның дамуы бойынша ұсыныстар дайындау әдісімен Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік мүмкіндіктері туралы ақпаратты жинақтау және жалпылау бойынша үйлестіруді жүзеге асырады. Қару-жарақ нарығына, ҚР ҚК әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің қаруландырылуы, қарумен және әскери техникамен, әскери мүлікпен жабдықталуына талдау жүргізеді. ҚР Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің және ҚК Әскери-теңіз күштерінің, басқа да әскерлер мен отандық өнімнің әскери қалыптасуларының әскери бөлімдері мен бөлімшелерін жабдықтау бойынша, жаңа өндірістерді игеру бойынша ұсыныстар дайындайды. Отандық кәсіпорындардың өнімдерді дайындау, жөндеу және бағыт бойынша жетілдіру бойынша мүмкіндіктері туралы ақпаратты жүйелендіруді жүзеге асырады. Қатысты бөлігінде, өнімнің меншік нысанына тәуелсіз отандық кәсіпорындардың даму жоспарларын дайындауды жүзеге асырады. Кәсіпорын қызметін тәжірибелік тексеруді, жұмыс өндірісі жоспарларын бақылауды жүзеге асырады. Әскери өкілдіктермен әрекеттестіктерге қатысады.  Бағыт бойынша жарнамалық-көрмелік қызметтерді ұйымдастыруға қатысады. Әскери және қосалқы бағыттағы өнімдерді шығаратын кәсіпорындардың даму саласында өзге мемлекеттердің тәжірибесін зерттейді. Күнделікті қызметтік жұмыста мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз етеді. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: гуманитарлық ғылымдар және (немесе) құқық және (немесе) әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес және (немесе) жаратылыстану ғылымдары және (немесе) техникалық ғылымдар және технологиялар және (немесе) әскери іс және қауіпсіздік.

 

6. Қаржы департаменті Жоспарлау, талдау және активтер басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 08-4-2.

Функционалды міндеттері: Ақпараттық-талдау жұмысының және келіп түсетін мәліметтер мониторингінің нысандары мен әдістерін игеру; Бюджеттік кодекстің талаптарына сәйкес Министрліктің кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік өтінімді құру әдістері мен нысандарын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу; Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ Министрліктің ұсталуы мен дамуына кететін шығындарды жоспарлау, бюджетті жоспарлау тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша әдістемелік нұсқауларды дайындау; Бюджеттік бағдарламалардың іс-шараларын жоспарлау үшін жауаптылардың бюджеттік өтінімдерінің бюджеттік заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру және талдау; құрылымдық бөлімшелер ұсынған бюджеттік бағдарламалар іс-шараларының және Министрлік басшылығының тапсырмаларының бюджеттік өтінімдері негізінде Министрліктің жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастыру; Министрліктің бюджеттік өтінімін уақытылы жиынтықтау және оны жоспарлы кезеңге бағыттау. Министрліктің Бюджеттік комиссиясының отырысына материалдарды дайындау. Бюджеттік бағдарламалардың жобасы бойынша бюджеттік бағдарламалар іс-шараларын жоспарлауға жауаптылардан ұсыныстарды талап ету; Министрліктің Стратегиялық жоспарының жобасын құруға қатысу. Министрліктің операциялық жоспар жобасын құруға қатысу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: гуманитарлық ғылымдар және (немесе) құқық және (немесе) әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес және (немесе) жаратылыстану ғылымдары және (немесе) техникалық ғылымдар және технологиялар және (немесе) әскери іс және қауіпсіздік.

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (бұдан әрі ­­­– Қағидалар) 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

 

Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 ЖҰМЫС КҮНІ ішінде тапсырылуы тиіс.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

 

 

 

 

 

 

___________________________________

      (мемлекеттік орган)    

                           

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________

______________________________________________________________________

      

 

__________                                             ____________________________________

(қолы)                                                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      

 

«____»_______________ 20__ ж.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы