Мұқатов Қариполла Орынбекұлы

Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры

Еңбек Қызыл Ту орденді Қарағанды политехникалық институтын, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін және Қазақстан-Ресей университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1982 жылы Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы, Қоянды совхозында слесарь болып бастап, Егіндібұлақ аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас инженеріне дейінгі жолды жүріп өтеді. Бұдан кейін Қарағанды жолаушылар көлігі өнеркәсіптік басқармасына қарасты № 5 автобус паркі басшысының бірінші орынбасары болып үш жыл қызмет еткен соң, Қарағанды қаласы Киров ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалады. 1997-1998 «Ай» ЖШС-нің президенті болады, ал 1999 жылы Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне кіріседі. Кейінгі жылдары Саран, Балқаш қалаларының әкімі қызметін атқарады.

2006 жылы Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметіне тағайындалады. Бұдан кейінгі жылдары Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы бойынша "Сарыарқа" ҰК" АҚ өкілдігінің жетекшісі, Қарағанды облысы әкімі аппаратының жетекшісі болып қызмет етеді.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құжат айналымы және бақылау департаменті директоры міндетіне кіріседі. Министрлдіктің қайтадан құрылуына орай, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры болып тағайындалады.

Mobile version RSS Site map